Жарасхан Әбдірашевтің немересі жол апатынан қайтыс болды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Жарасхан Әбдірашевтің немересі жол апатынан қайтыс болды

12.11.2019, 11:40

523 0

Kyzylorda-news.kz. Сыр бойылық атақты ақын Жарасхан Әбдірашевтің немесересі, танымал режиссер Рүстем Әбдірашевтің ұлы Ақназар жол апатынан қаза болды.

 «Қазақ хандығы», «Елбасы жолы» қатарлы ірі туындыларды дүниеге әкелген белгілі режиссер Рүстем Әбдірашевтің ұлы Ақназар оқыс жағдайда қайтыс болды.

Оның өліміне жол апаты себеп болған. Бұл туралы «Қазақфильм» АҚ баспасөз хатшысы Айнұр Исаева жазды.

Әбдірашовтар әулеті орны толмас қайғыға тап болды. Рүстем ағаның Ақназар атты ұлы мезгілсіз көз жұмды. Көлік соққысынан тіл тартпай кетіпті, періште. Рүстем аға және барша Әбдірашовтар әулеті, сіздерге қайғырып көңіл айтамын, – деп жазды Facebook-тегі парақшасында Айнұр Исаева.

0

Пікір қалдыру