Kyzylorda-news.kz. Қызылордада тұрғын үйден шыққан өрттен бір адам көз жұмды.

Кеше сағат 18.50 шамасында Шілдебаев көшесі бойындағы тұрғын үйден өрт шыққан. Сол уақытта 112 құтқару қызметіне қоңырау түсіп, өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы іске кірісті.

Барлау жұмыстары барысында өрт тұрғын үйдің ас бөлмесінен шыққаны анықталды. Өртті оқшаулау барысында газ түтінінен үй ішінде ес-түссіз жатқан 1983 жылғы азаматтың бар екені белгілі болды.

«Құтқарушылар көмегімен бірінші топ мүгедегі қауіпсіз жерге шығарылды. Бұл азамат жедел жәрдем мамандары қарауынан кейін көз жұмды. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен 6 техника, 25 қызметкер жұмылдырылды. Өрт салдарынан тұрғын үйдің асхана бөлмесіндегі тұрмыстық заттары мен төбе жабыны толық жанған», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыз: