Kyzylorda-news.kz. «Коронавирусты жұқтырғанына» байланысты өз-өзіне қол салатынын айтып, видео таратқан ер адам ұсталды. Ол жалған мәлімет таратқаны үшін халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Интернетке мониторинг жүргізген полиция қызметкерлері видео таратқан адамды тауып, жауап алған. Ол – Алматы қаласының тұрғыны болып шықты.

«Мен кеше коонавирусты жұқтырғаныма байланысты өз-өзімен қол салып жатқан видеоны жарияладым. Аталған видео әзіл сипатына ие. Өз достарымның ортасына ғана арналған видео еді. Әлеуметтік желіге қалай тарап кеткенін білмеймін. Видеода болған сөздің бәрі – қалжың. Қазақстан халқынан кешірім сұраймын. Ақымақтық жасағанымды мойындаймын», – дейді Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында жарияланған видеода.

Тағы да оқыңыз: