Kyzylorda-news.kz.   Жеңіс Сейдуллаұлы «Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі» РМҚК директоры қызметіне тағайындалды.

Жеңіс Сейдуллаұлы 1962 жылы 14 мамырда Қызылорда облысында дүниеге келген.

1982 жылы Шымкент музыка училищесін бітірген, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. Әр жылдары «Арқас» ансамблінің аспапшы-артисі, «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің бас дирижері, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының солисі болып жұмыс істеген.

«Гүлдер» ансамблінің директоры, Алматы қаласы «Қазақ әуендері» АҚ өңірлік директоры, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының шығармашылық жұмыс және сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры, Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің директоры қызметтерін атқарған. 2016-2018 жылдары- Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының директоры, 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазақконцерт» ұйымын басқарған.

Тағы да оқыңыз: