Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай 10 томдық жинақ жарық көрді – Kyzylorda News
Басты бет

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай 10 томдық жинақ жарық көрді

21.10.2021, 18:20

588 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапханада Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында мемлекеттік тапсырыс арқылы жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсаукесері өтті.

Ұлы жыраудың соңында қалған соқталы шығармаларын ұлттың рухани игілігіне жаратып, келер ұрпаққа жеткізу үшін ұлағатты парыз, асыл аманат. Мерейтойлық жылы ақын шығармаларын насихаттап, халыққа жеткізуде республика көлемінде көптеген мәдени іс-шаралар жүзеге асырылуда. Солардың бірі Мемлекеттік комиссия қабылдаған шешімнің аясында жарық көрген осы көптомдықтар.

Аталған 10 томдыққа Жамбыл Жабаевтың өткен ғасырдың басынан бастап дүние салғанға дейінгі барша өлеңдері мен айтыстары, жүз жасаған ұлы ақын жайлы көз көргендердің естеліктеріатап айтқанда, академик-жазушы М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов бастаған алғашқы жамбылтанушы ақын-жазушылардың, ұлы жыршының өмірі мен шығармашылық ғұмырнамасын жан-жақты қарастырып, толымды зерттеулер жүргізіп, толыққанды еңбек жазған екі зерттеуші – Сапарғали Бегалин мен Нысанбек Төреқұловтың еңбектері енді.

Сонымен қатар тәуелсіздік кезеңіндегі жамбылтанудың жаңа бағытын қалыптастыруға мүмкіндік ашқан әдебиетші ғалымдардың еңбектері топтастырылды. Бұдан бөлек, ақынның томдыққа орыс тіліндегі аудармалары менжамбылтанушылардың зерттеу еңбектерітоптастырылса, жыршының библиографиясы тұңғыш рет толымды басылым ретінде томдыққа еніп жарыққа шығарылып отыр.

Бұл жинақ жамбылтанушылар үшін құнды дүние, халқымыз үшін рухани қазына.

Аталған шараға Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты және Мәжіліс депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері, танымал ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысып, сөз сөйледі.

0

Пікір қалдыру