Kyzylorda-news.kz. Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні қарсаңында Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен онлайн форматта облыстық “Күй күмбірі” жас күйшілер байқауы өтті.

Онлайн байқауда бақ сынасқан күйшілердің өнері көпшілікті сүйсіндірді.
Байқау қорытындысымен І орынды Жалағаш ауданының күйшісі Кенжебек Пірмахан иеленді. Қазалылық Рүстем Шөмекей ІІ орынға жайғасты. Ал ІІІ орынды Жаңақорғаннан келген Сері Әлмахан мен Назерке Жәнібек және Сырдарияның тумасы Ерсұлтан Қайбулла қанжығаларына байлады.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласының намысын қорғаған Ахмет Берікбай мен сырдариялық Шәкәрім Камалиев ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Тағы да оқыңыз: