Сыр аруы америкалықтарды тамсандырды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Сыр аруы америкалықтарды тамсандырды

13.12.2019, 16:00

500 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Қызылорда өңірінен шыққан Сон Яна есімді жерлесіміз шетелдіктерді тамсандырды. Қалай дейсіз бе? 

Сыр перзенті Сон Яна Американың Оклахома штатындағы UCO университетде білім алады. Бүгінде 3-курс студенті. Оқуда озат Янаның ұлты басқа болғанымен, қазақ халқына деген құрметі ерекше. Мұның дәлелі, ол жуырда ғана оқу орнында өткен арулар байқауында ұлтымызды ұлықтап, ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеп, үздіктер қатарынан көрінді. Сахнада қазақтың ұлттық биі «Қамажайды» билеп, сан жылдық мәдениет, әдемілік пен шеберлікті ұштастырған өнерімізге көпшілікті сүйсіндірді.

Жерлесіміздің айтуынша, сұлулар сынға түскен сағатта ерекше толқыныста болыпты. Себебі, көрермендер ұзақ уақыт қошемет көрсетіп, таңданыстарын жасырмаған. Соның нәтижесінде қазақстандық ару топ жарып, І орын иемденген.  Айта кетейік, шетелде ұлттық өнерімізді танытып, салт-дәстүрді дәріптеген Сон Яна Қызылорда қаласындағы №198 мектептің түлегі.

0

Пікір қалдыру