Kyzylorda-news.kz. Балалар жылына орай сырбойылық жасөрендер “Жеті Өнер” шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен VI халықаралық фестиваль-конкурсында 3 дүркін бас жүлде иегері атанды.

17 маусым күні «Реверанс» би ансамблі қызылордалықтарға ерекше концерт өткізбекші. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында республикалық байқау туралы №267 орта мектебінің хореографы, «Реверанс» би ансамблінің негізін қалаушысы әрі көркемдік жетекшісі Тимур Андижанов баяндады.

«2019 жылы №267 орта мектебінің оқушыларына хореграфиялық сабақ өткізіп, биге үйретіп жүрдім. Былтыр жеке авторлық би студиямды ашып, шәкірт тәрбиелей бастадым. Міне осы уақыт аралығында біздің би ұжымы халықаралық, республикалық және облыстық, аудандық байқауларда жеңімпаз атанып келеді», – деді Тимур Андижанов.

Тағы да оқыңыз: