Қызылорда «Масленица» мерекесі басталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылорда «Масленица» мерекесі басталды

25.02.2020, 17:20

125 0

Kyzylorda-news.kz. Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында құймақ апталығына арналған «Ескі ғасыр дәстүрлері» фольклорлық мерекесі өтті.

Шараны «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы облыстық кітапханамен бірлесіп ұйымдастырды.

Мерекелік іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары А.Жұмабаев, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Ж.Нұрсейтов атындағы №233 орта мектептің оқушылары және кітапхана оқырмандары қатысты.

 Орыс халқының мазмұнды мерекесінде халық өнері, тағамдары, киімдері, қолөнері, әндері, салт-дәстүрлері туралы кітап көрмесі ұсынылды.

Кездесуді облыстық кітапхананың директоры Н.Мырзамуратова және «Славяне» қоғамдық-мәдени бірлестігінің төрайымы Г.Щербакова ашып, барлық қатысушыларды осы мерекемен құттықтап, ынтымақтастық пен өзара көмек үшін ризашылықтарын білдірді.

Фольклорлы мереке аясында славян этносының салт-дәстүрлері, «Сударушки» ансамблі, «Надежда» жастар тобы және олардың солистері орындайтын өрнектелген әндер мен билер көрсетіліп, «Шалқан» ертегісіне негізделген көрініс қойылды. Балалар халық ойындарын ойнап, жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдерді жалғастырды.

Айта кету керек, Масленица – бұл апта бойы атап өтілетін қысты шығарып салу және көктеммен кездесуге арналған мереке. Әр күнді мерекелеудің өзіндік ерекшеліктері бар, ал дүйсенбі – Масленицамен кездесу.

0

Пікір қалдыру