Kyzylorda-news.kz. 2020 жылдың қаңтар айында облыс әкімінің қолдауымен Қызылорда облыстық филармониясы жанынан құрылған «Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблі халықаралық фестивальде жеңімпаз атанды.

Ансамбль 19 қыркүйекте Украина мемлекетінің Днепр қаласында өткен «Яскраві таланти осені» («Яркие таланты осени») халықаралық фестиваліне қашықтықтан қатысып Бас жүлде иеленді.

Өнер ұжымының көркемдік жетекшісі «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Салтанат Пұсырманова.

Тағы да оқыңыз: