Kyzylorda-news.kz. Қазақ фильмінің алтын қорынан елеулі орын алған “Тақиялы періште” фильмінде Тайлақтың рөлін сомадаған Әлімғазы Райымбеков дүниеден өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қаралы хабарды “Қазақфильм” киностудиясы растады.

Әлімғазы Райымбеков 85 жасында дүниеден өтті. Ол 1936 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген.

Совхозда көлік жүргізушісі болып қызмет еткен. Содан кейін 1965 жылы алғашқы “Ән қанатында” фильміне шақырту алды.

1966 жылы “Қилы кезең” фильміне түсті.

1968 жылы “Тақиялы періште” кинофильміндегі Тайлақтың рөлін сомдады. Осы кезден бастап жұртшылыққа кеңінен таныла бастады. Фильмнің режиссері – Шәкен Айманов.

1978 жылы “Қан мен тер” фильмінде эпизоттағы рөлді сомдаған.

Саналы ғұмырында барлығы 12 кинофильмге түскен.

Әлімғазы Райымбеков Алматы облысының құрметті азаматы, 2016 жылы мәдениет және спорт министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Тағы да оқыңыз: