Kyzylorda-news.kz. Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова пандемия уақытында өзіне қандай ұсыныстар түскенін айтты. Көптеген адамдар өнер иесін басқа салада жұмыс істеп көруге шақырған.

Мадина Сәдуақасова карантин уақытында өзіне жұмысқа қатысты түрлі ұсыныстар түсе бастағанын айтты. Бірақ, әртіс өзін өнер саласынан басқа жерде көре алмайтынын түсініп, олардан бас тартқан.

«Осы пандемияда көп адам мені бизнеске, басқа жұмысқа, басқа салаға шақырып жатты. Ес білгелі осы әншілікпен айналысқан, осы мамандыққа оқып, өмірін сахнамен байланыстырған адамға қалай ұсынады мұндайды“ деп кәдімгідей біртүрлі болып қалатынмын. Сабырмен , көрерменмен қауышатын күнді күтемін! Жаңа әндер іздеп, композитор ақындармен жұмыс жасап, студияда альбом жазамын, фотосессия, бейнебаян түсіремін, дизайнерлермен жаңа образ, көйлектер тіккіземін, түсірілімдерге, жобаларға қалмай қатысамын, халықпен әлеуметтік желі болсын, телевизия арқылы байланысты үзбей, өз сағынышымды басып аламын“ дедім! Солай! Басқа ешнәрсеге икемім де, қалауым да жоқ», – деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Тағы да оқыңыз: