Достық үйінде Ашық есік күні өтті – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Достық үйінде Ашық есік күні өтті

10.02.2020, 10:20

179 0

Kyzylorda-news.kz. Достық үйінде Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Ашық есік күні өтті. Оған облыстық этномәдени бірлестік жетекшілері мен мүшелері, медиация, Қоғамдық келісім кеңесінің белсенділері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, ғылыми-сараптамалық топ, журналистер мен сарапшылар клубы және тағы басқа құрылым мүшелері қатысты.

Ашық есік күнінде Достық үйіне алғашқы болып жоба жетекшісімен бірге болашақ жас ғалым, №212 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Айзат Нұрбол келді. Айзат 1937 жылы тағдыр теперішіне ұшыраған, Сыр еліне Қиыр шығыстан жер аударылған кәріс этносының өкілдерінің кешегі мен бүгінін өз еңбегіне арқау етпекші. Осы орайда ол «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан ғылыми жобалар байқауының республикалық кезеңінде өз жобасын жоғары деңгейде қорғауы үшін «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалы жетекшісінің орынбасары Матвей Цойдан тың деректер мен мәліметтер алды. Өз кезегінде Матвей Николаевич Айзатқа бірлестіктің атынан Сыр еліндегі кәрістер туралы жазылған тарихқа толы кітапты сыйға тартты.

Ашық есік күні «Абай қазынасына саяхат» клубының тұсаукесері болып өтті. Клубқа Абай мұрасын сүйіп оқитын 35  адам мүше болып қабылданды.

Ынтымақ ұясына келген барша қауым облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылда жеткен жетістіктерінен ақпар алды. Облыстағы этномәдени бірлестік өкілдерінің жұмыстарымен етене танысып, жұмыс бөлмелерін көрді. Сонымен бірге Достық үйінің мұражайын, кітапхана, тіл кабинетіндегі сабақ жүру барысын, мәжіліс, концерт залдарын, би үйірмелерін, белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жұмысын көрді.

Облыстық ассамблеяның негізгі әрі маңызды бағыттары медиация, Қоғамдық келісім кеңесі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, Аналар кеңесінің жұмыстарымен танысып, мол мағлұмат ала алды.

Ашық есік күніне келген қонақтар Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, татулығы мен бірлігі жарасқан еліміз көркейе берсін, жасалып жатқан игілікті шаралар жандана берсін деген ақ тілектерін жаудырды.

0

Пікір қалдыру