Kyzylorda-news.kz. Ұлттық Банк заманауи өнерді қолдау және Батырхан Шүкеновті мәңгі есте қалдыру мақсатында 18 мамырдан бастап Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монеталарын сатылымға шығарады.

Биыл әнші-композитор, аңыз адамның туғанына 60 жыл. Осыған орай Batyr Beinesi монетасы жарық көрді.

Мұның басты маңыздылығы заманауи өнер мен Батырхан Шүкеновті мәңгі есте сақтау.

Монетаның дизайнында Қазақстан стрит-артының ең жарқын жұмыстарының бірі – REPAS командасының «Батыр бейнесі» граффитиі бейнеленген.

Әнші 2015 жылдың 28 сәуір күні Мәскеу қаласындағы іс-сапарында кенеттен жүрегі тоқтап өмірден озды. Көзі тірі болса 60 жасқа толар еді.

Тағы да оқыңыз: