Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында ақпараттық науқанының шаралары өтеді. 12 күнге созылатын ақпараттық науқанда бірнеше шаралар онлайн форматта іске асырылады.

Облыс мектептерінің жоғары сынып оқушылары арасында «Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады» атты үздік эссе байқауы

«Зорлық-зомбылықтың алдын алу – отбасы, мектеп, қоғам мәселесі» атты қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен ата-аналарға арналған онлайн семинар

«Мектеп қатыгездік пен зорлық-зомбылықтан азат аумақ» тақырыбында онлайн-конференция

Облыстық жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету орталығының «Ашық есік күні»

«Психологқа қоңырау шалу» («Звонок психологу») науқаны

«Жасөспірімнің қауіпсіз жыныстық дамуы» тақырыбында Жастар денсаулық орталығы мамандарының онлайн-қабылдауы

«Кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алуда психологиялық қызметтің рөлі» аймақтық онлайн-кездесулер өткізіледі.

Тағы да оқыңыз: