Kyzylorda-news.kz. Жылу беру маусымына орай тұрмыстағы қауіпсіздікті жіті қадағалау мақсатында облыстағы бірқатар тұрғын үйлерге арнайы қондырғылар орнатылуда. Әсіресе, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардың тұрғын үйлеріне биыл 1 250 дана көмірқышқыл газын анықтайтын жадынамалар іске қосылды.

Алдағы уақытта 4000 мың дана көмірқышқыл газын анықтайтын жадынамалар алу бойынша келісім жасалған. Осы ретте Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Ізбасаров сақтық шараларының жүргізілу барысын баяндады.

«Биыл облыс әкімінің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде облыстық комиссия отырысы өткен болатын. Онда аз қамтылған, көпбалалы отбасыларының тұрғын үйлеріне 3500 дана көмірқышқыл газын анықтайтын құрылғылар сатып алу мәселесі қаралды. Қазіргі таңда департаменттің 2021 жылғы 15 қазандағы бұйрығына сәйкес, «Өрт қауіпсіздігі сенбілігі туралы» профилактикалық үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Есепке алынған әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың үйлері толық араланды. Орнатылған арнайы құрылғылар өз тиімділігін көрсетуде. Мәселен, тұрмыстық пештің ақауынан көмірқышқыл газының шығуына байланысты үш жағдайда датчик іске қосылып, дыбыстық белгі берді», – деді Бауыржан Шырымбекұлы.

Баспасөз конференциясында облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Әлиев тұрмыстық қауіпсіздік басты назарда екенің тілге тиек етті.

«Қазіргі таңда 4000 мыңға жуық отбасына көмірқышқыл газын анықтайтын құрылғы сатып алу бойынша келісім жасалды. Қараша айының 15-20 күндері аралығында жеткізілуі тиіс. Бұл жадынамалар тұрмыстағы түрлі апаттардың алдын алуға жәрдемдеседі. Бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады», – деді Бағдат Исламбекұлы.

Тағы да оқыңыз: