Kyzylorda-news.kz. Жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 48 адам, оның ішінде 16 бала суға батып көз жұмды.

Оның ішінде 24 адам балық аулау кезінде қағидаларды сақтамау себебі бойынша, 6 адам (оның ішінде 2 бала) жабдықталмаған жерлерде шомылу кезінде, 8 бала суға құлау салдарынан (балаларды қараусыз қалдыру), 4 адам мас күйінде шомылғанда, 6 бала мұз астына түсіп кетті.

Елімізде суға шомылу маусымы ресми түрде 1 маусымда басталатынына қарамастан, өңірлерде тұрғындар жылы күнді пайдаланып, тыйым салынған жерлерде шомылады.

ҚР ІІМ ТЖК мәліметінше, тек өткен аптада ғана суайдындарында 10 адам, оның ішінде 3 бала көз жұмды. Адамдардың қаза болуы Түркістан (2), Ақмола (2), Ақтөбе (2), Алматы (1), Шығыс Қазақстан (1), Қызылорда (1) және Павлодар (1) облыстарының су айдындарында тіркелді.

Бүгінгі күні елімізде суға шомылуға арналған ресми орындар анықталды, бұлар – 111 қалалық, 481 жеке жағажайлар. Суға түсуге тыйым салынған 2 мыңнан астам орын анықталды, онда екі мыңнан астам ескерту белгісі және жеті жүзден астам көрнекі стенд орнатылды.

«Хабар 24»

Тағы да оқыңыз: