Жусан операциясы: Елге қанша адам қайтарылды? (ВИДЕО) – Kyzylorda News
Басты бет

Жусан операциясы: Елге қанша адам қайтарылды? (ВИДЕО)

06.02.2020, 9:40

838 0

Kyzylorda-news.kz. Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Жусан» гуманитарлық операциясының төрт кезеңін қорытындылады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Былтыр ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үйлестіруімен Сириядан 595 қазақстандық қайтарылды.

«Операцияның бірінші кезеңінде 47 адам, оның ішінде 6 ер адам, 11 әйел және 30 бала, екінші кезеңінде 231 адам, оның ішінде 16 ер адам, 59 әйел және 156 бала балалардың 18-і жетім қалған. Үшінші кезеңінде 246 адам, оның ішінде 8 ер адам, 67 әйел және 171 бала бар. 9 бала жетім. Төртінші кезеңінде 71 адам, оның ішінде 3 ер адам, 19 әйел және 49 бала, оның 5-і жетім оралған. Жалпы Сириядан қайтарылғандар саны – 595 азамат болса, оның 33-і ер адам, 156-ы әйел, 406-ы бала, 32 бала жетімқалған. Елге қайтарылған барлық әйел мен бала оңалту және бейімдеу курсынан өтті», – деп хабарланды ҰҚК Youtube парақшасында.

Терррористік ұйымдардың әрекетіне қатысқаны үшін 31 ер адам мен 12 әйел сотталған. Сонымен қатар тағы 14 адам тергеліп жатыр.

0

Пікір қалдыру