Kyzylorda-news.kz. Мемлекет Басшысының 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңде» атты Жолдауында полиция қызметін сервистік модельге көшіру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің алғышарттарын айтқан болатын.

Полиция сервистік моделі – билік органдарына деген сенімді арттыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қоғаммен бірлескен қызметі болып табылады. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Амитов сервистік қызметтің артықшылықтары туралы баяндады.

«Қазіргі уақытта «полицияның сервистік моделі» деген бірыңғай түсінік жоқ екенін атап өту керек. Бұл тәсілді енгізу кезінде криминогендік, әлеуметтік жағдай, ұлттық мәдениет, заңнама және ресурстық мүмкіндіктер ескерілуі тиіс. Жалпы облыс бойынша 258 учаскелік полиция инспекторы және 64 учаскелік полиция инспекторының көмекшісі қызмет атқаруда. «Жұртқа жақын полиция» қағидаты Жергілікті полиция қызметінің жұмысына жаңа серпін берді. Қоғаммен тығыз қарым-қатынасқа негізделген полиция қызметінің сервистік моделі барлық проблеманың әмбебап құралы болып табылмайды, алайда қоғаммен сындарлы диалог құрудың сенімді құралдарының бірі», – деді Шамшадин Егенбердіұлы.

Тағы да оқыңыз: