Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша жедел штаб отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қазалы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы Гүлсім Имандосова, Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақытгүл Әлішева сөз алып, аймақта эпидемиологиялық ахуалдың күрделене түскенін тілге тиек етті.

Аудан басшысы Қазалы ауданында карантиндік шараларды қатаң сақтауды, той-жиындардың алдын алу бағытындағы түсіндірме жұмыстарын күшейтуді қатаң тапсырды. Сондай-ақ, жұқпалы індетті жеңудің бірден-бір жолы вакцинация екенін айтып, бұл мәселеге аса қатты мән беру қажеттігін айтты.

Сонымен бірге, ауданда құрылған мобильді топ құрамымен мекемелерді, кәсіпкерлік нысандарды, сауда үйлерін аралап түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Жиын соңында аудан әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмаларды жүктеді.

Тағы да оқыңыз: