Kyzylorda-news.kz. Ұтыс ойнатқан әншілер. Алданған халық. Соңғы кезде алдандым деп шулаған қарапайым халық пен адалдығын дәлелдеп әлек болған әншілердің дауы ушығып тұр. Даудың басы – Ернар Айдардың ұтысынан басталды. Ең қызығы, аталған ұтыс ойынын ұйымдастырушыларының кәсіпкер Ахметбек Нұрсилаға қатысы бар болып шықты. Бұл туралы «Астарлы ақиқатта» айтылды. 

Жұрт жұлдыз деп төбесіне көтерген әншілерді шегірткеге теңеген Ахметбек Нұрсила бағдарламадан кейін өзі әншіге айналып шықты. Оның орындауындағы рэп желіде, чаттарда көш бастап тұр. 

Кәсіпкердің шәкірттері арасында жұлдызды ұтысқа қатысы барлар да жетерлік. 

Ернар Айдардың ұтысында халыққа электронды кітаптардың сатылғаны аян. 9990 теңгеге әлемдік классиктердің кітаптары шығарылды. Тек біреуі – қазақстандық автор Еркебұлан Қаниевтің кітабы. Ол – Ахметбек Нұрсиланың оқушысы. Жұлдыздардың жанында жүрген Саламат Мұқият та кәсіпкердің шәкірті болып шықты. Ернар Темірбек – Ернар Айдардың ұтысында лицензия көрсетіп жүрген жігіт. Азат Оспанов пен Мәди Исатаев екеуі де – Саламат Мұқият басқаратын серіктестікте жұмыс істейді. 

Роза Әлқожаның әділ ойынын ұйымдастырған да, 283 инвестордың ақшасын жинап алған да, Керімбекованың өмірін миллион беріп өзгерткен де осы жігіттер. 

Астарлы ақиқатқа ақталуға келген Бүркіт мырза өзін ұтыстың ұйымдастырушысы ретінде таныстырған еді. Бүркіт мырзаның көмекшісімін деп ұтыс ережесін түсіндіріп өткен жігіт те Ахметбектің шәкірті болып шықты. 

«Сен Алашты емес, ақшаны, халықты емес, қалтаңды ойлап кеттің деп шығарып тастағанмын. Оның маған жасаған жаманшылығы жоқ», – деді кәсіпкер. 

«Егер осы ойнатып жүрген ұтыстардың артында мен тұратын болсам, бүкіл халықтың қарғысы менің мойныма ілінсін», – деді Ахметбек мырза. 

Ал, аталған жігіттердің ісін тексеру үшін, оларды ішкі істер басқармасына жіберу керек деген ойын айтты.

Тағы да оқыңыз: