Жұлдыздар не дейді? – Kyzylorda News
Басты бет

Жұлдыздар не дейді?

13.02.2020, 8:00

424 0

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 13 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Көп адаммен түсінісе алмайсыз. Тіпті бұрын бір-біріңізді айтқызбай түсінетін жанмен де тіл табыса алмай қиналасыз. Жұмыста да, үйде де қиындықтар туындайды. Бастаған жұмыстарыңызды аяқтау қиын.

Торпақ

Іскерлік қарым-қатынас орнатуға қолайлы күн. Бұрын жұмыс жасап көрмеген адамдармен де тез іскерлік байланыс орнатып, оларды таңқалдыратын боласыз. Жаңа жұмыс екі жаққа да мол табыс әкелетін болады.

Егіздер

Таңертеңгілік уақытта мазаңыз болмайды. Тосын жайттар орын алады. Айналаңыздағы адамдармен тіл табысу да қиынға соғады. Осы жағдайдың барлығы әсер етіп, көңіл-күйіңіз болмайды.

Шаян

Аздаған түсініспеушіліктер орын алады. Бірақ олардың ешқайсысы күніңіздің жақсы өтуіне кедергісін келтіре алмайды. Сондықтан еш уайымға берілмей, жұмысыңызды әрі қарай жалғастыра беріңіз.

Арыстан

Қызықты күн. Дегенмен қиындықтар да орын алады. Сонымен қатар жоспарыңызды түбегейлі өзгертетін жағдайлар да кезігеді. Бірақ сіз тез арада мәселені шеше аласыз.

Бикеш

Сәтті күн. Тек өзіңізді бірқалыпты ұстағаныңыз жөн. Жөнсіз қылық көрсетіп, ақымақтық жасамаңыз. Ең бастысы өзіңіз сенбейтін, қисынсыз әңгіме айтпағаныңыз дұрыс.

Таразы

Керемет күн. Жемісті де, қызықты күн болмақ. Бүгін сіз көп жұмыс істеуге, өз дегеніңізге жету үшін бар күш-жігеріңізді саласыз. Дәл қазіргі сәтте уақытты босқа өткізбдегеніңіз дұрыс.

Сарышаян

Ел-жұртты таңқалдыратын жаңалық ашпасаңыз да, берілген тапсырмаларды дер кезінде орындап, өз мақсатыңызға жақындай түсесіз. Сондай-ақ бүгін ешқандай қателікке бой алдырмайсыз.

Мерген

Қарбалас күн. Бірақ жемісті болмақ. Тез әрекет етіп, орындалуы керек жұмыстарды кейінге қалдырмау қажет екенін жақсы түсінесіз. Бұрын бастаған шаруаларды дәл қазір аяқтауға мүмкіндік бар.

Тауешкі

Бүгінгі күн қарама-қайшылыққа толы болмақ. Бұл сізді шаршатады. Қателікке бой алдырмас үшін, сондай-ақ арандатушылыққа жол бермес үшін ойыңызды жинақтайсыз. Ешкімге сенбейсіз.

Суқұйғыш

Бүгін айтарлықтай жаңалық жоқ. Бұрын қолға алған жұмысты соңына дейін жеткізесіз. Сонымен қатар сізге тапсырылған ұйымдастыру жұмыстарын да бітіріп, жаңа тапсырыс аласыз.

Балықтар

Бүгін кедергілер болуы мүмкін, бірақ ол сіздің алға қарай жылжуыңызға қиындық туғызбайды. Бүгін кездейсоқ таныстықтар орын алады. Ол адамның өмірлік тәжірибесі сізге де пайдасын тигізуі мүмкін.

0

Пікір қалдыру