**[Kyzylorda-news.kz](https://kyzylorda-news.kz/) ақпараттық агенттігінің 29 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.** **Т****оқты** Бүгін көп адаммен кездесесіз. Бұл іскерлік кездесу болуы да мүмкін. Не болмаса жиыналысқа қатысасыз. Ондағы адамдармен тез тіл табысып, алдағы жоспарларыңызбен бөлісетін боласыз. **Торпақ** Сәтті күн. Жағымды тосынсыйлар күтіңіз. Барлығы сіз ойлағандай қиын емес, керісінше әлдеқайда оңай. Ол үшін өзгелерден көмек сұраңыз, олардың тәжірибелерін пайдаланып, жетістікке жетіңіз. **Егіздер** Бүгін жұмыс көп, сондықтан күн тәртібі өте тығыз болады. Біраз уақыттан бері көздеп жүрген мақсатыңызға жету үшін құр қол отыруға болмайтынын жақсы білесіз. **Шаян** Керемет күн. Ештеңеге алаңдаудың қажеті жоқ. Өмірге риза болып, шын қуана біліңіз. Бұрын-соңды ешкім байқамаған талантыңыз ашылып, жұртты таңқалдырасыз. **Арыстан** Түске дейінгі уақытыңыз жақсы өтеді. Уақытыңызды тиімді пайдаланасыз. Әр минутыңыз өз пайдасын әкелетін болады. Сондай-ақ бүгін қарсыластарыңызды шаң қаптыратын боласыз. **Бикеш** Назарыңызды өзіңізге қажетті ақпаратқа ғана тігіңіз. Ешкімге ашуланудың қажеті жоқ. Әсіресе жаныңыздағы жандарға бола ашу шақырмаңыз. Барлығымен жақсы қарым-қатынаста болу тек өзіңізге байланысты болмақ. **Таразы** Әр қадамыңызды ойланып басыңыз. Дұрыс шешімді өзгелердің тәжірибесіне қарап болжауға болмайды. Өздерінің нақты жоспарлары бар жандарға ғана бүгін сәттілік серік болады.   **Сарышаян** Маңызды шаруаларды кейінге қалдырмаңыз. Оларды қаншалықты ерте қолға алсаңыз, соншалықты тез орындайсыз. Жаңа жобаларды тез игересіз. Өзіңізге қажетті дүниені тез үйренесіз. **Мерген** Жаңа таныстарыңыздың бірі сіздің кеңпейілдігіңізді өз қызығушылығына немесе өз пайдасына жаратқысы келеді. Сондықтан сақ болыңыз. Ешкімнің арбауына түсіп қалмаңыз. **Тауешкі** Бүгін тау қопарардай күшіңіз бар. Өзгелерге де көмек көрсеткіңіз келеді. Бірақ сізден ешкім көмек сұрамайды. Сізді және жақындарыңызды уайымға салып жүрген мәселе өз шешімін табады. **Суқұйғыш** Маңызды шаруаларды атқаруға және жаңа бастамаларды қолға алуға қолайлы күн. Ештеңені назарыңыздан тыс қалдырғыңыз келмейді. Айналаңыздағылар сізден үлгі алатын болады. **Балықтар** Жаңа іспен айналысқаныңыз жөн. Күнделікті шаруа сізді шаршататын болады. Өз қызығушылығыңызды тауып, сол істі қолға алыңыз. Өзіңізге қажет ілімді тез ұғып, оны өз пайдаңызға жаратасыз.