Жұлдыздар не дейді? – Kyzylorda News
Басты бет

Жұлдыздар не дейді?

16.01.2020, 8:00

501 0

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 16 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Күніңіз сіз ойлағандай сәтті басталмайды. Жұмыста аздаған қиындықтар туындауы мүмкін. Сонымен қатар отбасында да түсініспеушіліктер орын алады. Әсіресе ұстамды жандар бүгін эмоцияға ерік береді.

Торпақ

Аз сөйлеп, көп тыңдаңыз. Сонда ғана қызықты жаңалықтар естейсіз. Нақты шешім шығармас бұрын, ең алдымен ақпараттың рас-өтірігін анықтап алған жөн. Кейбір жандарға қызықты ұсыныстар түседі.  

Егіздер

Жемісті күн. Қарсыластарыңызға өзіңіздің мықтылығыңызды дәлелдейсіз. Сонымен қатар ірі жобамен айналысасыз. Алғашқы сәттен-ақ табысты болуға мүмкіндік бар.

Шаян

Көптен армандағаныңыз орындалады. Мүмкін еместің барлығы жүзеге асады. Ескі қателіктерді жөндейсіз. Жағдайды жақсы қырына қарай өзгертесіз. Болашаққа деген көзқарасыңыз жақсы, бұл қасиетіңіз жақындарыңызға ұнайды.

Арыстан

Бүгін кез келген іспен айналысуға болады. Жолыңыз болып, мақсатыңызға қол жеткізесіз. Тапқырлығыңызға көпшілік қызығушылықпен қарайтын болады. Жақындарыңыз сізді мақтан тұтады.

Бикеш

Таңертеңмен қиындықтар туындайды. Бір жерден қателік жіберіп аласыз. Барлығы сіз ойлағандай қиын емес, дегенмен қиындықтарды жеңуге тырысыңыз. Маңызды кездесулерді кейінге қалдырыңыз.

Таразы

Қарбалас күн, бірақ қызықты өтеді. Өз ұстанымыңыздан айнымаңыз. Бұған дейін жинаған тәжірибеңіз алдағы қызметіңізге өте қажет. Алайда бүгін жақындарыңызбен түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін.

Сарышаян

Қиын жағдайға тап боласыз. Орныңызда басқа адам болса тығырыққа тірелген болар еді, тек сіз емес. Айналаңыздағы адамдарға басшы болып, олардың қызметіне баға беретін боласыз.

Мерген

Бүгін жоспарларыңызды өзгертетін, өзіңізді қобалжытатын біраз жаңалық естейсіз. Оған бола қамықпаңыз. Әр қиындықтың өз жеңілдігі бар екенін ұмытпаңыз. Сонымен қатар бүгін қаржылық жағдайыңызды жақсартасыз.

Тауешкі

Барынша сабырлы болуға тырысасыз. Алайда кейде эмоцияға жол беруге тура келеді. Негізі түске дейінгі уақытыңыз аздап қиындау болады. Бірақ түстен кейін барлығы өз орнына келеді.

Суқұйғыш

Маңызды істерді қолға алуға асықпаңыз. Оқиғаның қалай өрбитінін бақылаңыз. Жағдайды өз бақылауыңызға алғаннан соң іске кірісіңіз. Түстен кейін іскерлдік кездесуге барасыз.

Балықтар

Байланыс орнатуға қолайлы күн. Романтикалық кездесуге барасыз. Бұл кездесу сіз ойлағаннан да керемет өтеді. Сүйіктіңізбен әңгімелесу, сырласу сізге қуаныш сыйлайтын болады.

Аударған Динара МАХАНОВА

0

Пікір қалдыру