**Kyzylorda-news.kz** ақпараттық агенттігінің 16 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы. **Тоқты** Күніңіз сіз ойлағандай сәтті басталмайды. Жұмыста аздаған қиындықтар туындауы мүмкін. Сонымен қатар отбасында да түсініспеушіліктер орын алады. Әсіресе ұстамды жандар бүгін эмоцияға ерік береді. **Торпақ** Аз сөйлеп, көп тыңдаңыз. Сонда ғана қызықты жаңалықтар естейсіз. Нақты шешім шығармас бұрын, ең алдымен ақпараттың рас-өтірігін анықтап алған жөн. Кейбір жандарға қызықты ұсыныстар түседі.   **Егіздер** Жемісті күн. Қарсыластарыңызға өзіңіздің мықтылығыңызды дәлелдейсіз. Сонымен қатар ірі жобамен айналысасыз. Алғашқы сәттен-ақ табысты болуға мүмкіндік бар. **Шаян** Көптен армандағаныңыз орындалады. Мүмкін еместің барлығы жүзеге асады. Ескі қателіктерді жөндейсіз. Жағдайды жақсы қырына қарай өзгертесіз. Болашаққа деген көзқарасыңыз жақсы, бұл қасиетіңіз жақындарыңызға ұнайды. **Арыстан** Бүгін кез келген іспен айналысуға болады. Жолыңыз болып, мақсатыңызға қол жеткізесіз. Тапқырлығыңызға көпшілік қызығушылықпен қарайтын болады. Жақындарыңыз сізді мақтан тұтады. **Бикеш** Таңертеңмен қиындықтар туындайды. Бір жерден қателік жіберіп аласыз. Барлығы сіз ойлағандай қиын емес, дегенмен қиындықтарды жеңуге тырысыңыз. Маңызды кездесулерді кейінге қалдырыңыз. **Таразы** Қарбалас күн, бірақ қызықты өтеді. Өз ұстанымыңыздан айнымаңыз. Бұған дейін жинаған тәжірибеңіз алдағы қызметіңізге өте қажет. Алайда бүгін жақындарыңызбен түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. **Сарышаян** Қиын жағдайға тап боласыз. Орныңызда басқа адам болса тығырыққа тірелген болар еді, тек сіз емес. Айналаңыздағы адамдарға басшы болып, олардың қызметіне баға беретін боласыз. **Мерген** Бүгін жоспарларыңызды өзгертетін, өзіңізді қобалжытатын біраз жаңалық естейсіз. Оған бола қамықпаңыз. Әр қиындықтың өз жеңілдігі бар екенін ұмытпаңыз. Сонымен қатар бүгін қаржылық жағдайыңызды жақсартасыз. **Тауешкі** Барынша сабырлы болуға тырысасыз. Алайда кейде эмоцияға жол беруге тура келеді. Негізі түске дейінгі уақытыңыз аздап қиындау болады. Бірақ түстен кейін барлығы өз орнына келеді. **Суқұйғыш** Маңызды істерді қолға алуға асықпаңыз. Оқиғаның қалай өрбитінін бақылаңыз. Жағдайды өз бақылауыңызға алғаннан соң іске кірісіңіз. Түстен кейін іскерлдік кездесуге барасыз. **Балықтар** Байланыс орнатуға қолайлы күн. Романтикалық кездесуге барасыз. Бұл кездесу сіз ойлағаннан да керемет өтеді. Сүйіктіңізбен әңгімелесу, сырласу сізге қуаныш сыйлайтын болады. **Аударған Динара МАХАНОВА**