**[Kyzylorda-news.kz](https://kyzylorda-news.kz/)** [](https://kyzylorda-news.kz/)**ақпараттық агенттігінің 15 қарашаға арналған жұлдыз-жорамалы.** **Тоқты** Сіздің өнертапқыштығыңызға тәнті болатындар көп. Жаңа идеяларыңызды қолдайтындар табылады. Сонымен қатар сіз кез келген мәселенің шешімін таба аласыз. **Торпақ** Денсаулығыңызға абай болыңыз. Соңғы уақытта бауырыңыз жиі мазалап жүрген сыңайлы. Майлы және тұзды тағамдардан бас тартыңыз. Спортпен шұғылданыңыз. **Егіздер** Бүгінгі күнді тек өзіңізге арнаңыз. Сүйікті ісіңізбен айналысыңыз. Кішігірім саяхатқа шығуға да болады. Әсіресе теңіз жағасына барып, толқындарды тамашалаңыз. Не болмаса моншаға барып, жағымсыз энергияларды сумен шайыңыз **Шаян** Сенім артқан кейбір жобаларыңыз оң нәтиже бермеуі мүмкін. Оған бола көңіл-күйіңізді түсірмеңіз. Дегенмен жоба жүзеге аспағандықтан, қолыңызда бар қаражатты үнемдеп жұмсаңыз. **Арыстан** Сізге сырттай ғашық жандардың бар назарын өзіңізге аудара аласыз. Бірақ оларға өз сезімдеріңізді толық жеткізе алмайсыз. Себебі оның алдында сіз өте дәрменсізсіз. **Бикеш** Материалдық жағдайыңыз жақсарып, жұмысыңыздың да берекесі артады. Баспаналы болуды армандап жүрсеңіз, ол арманыңыздың да орындалуына аз қалды. **Таразы** Бүгін маңызды іскерлік кездесуді ойдағыдай өткізіп, пайдасы зор келісімге қол қоясыз. Материалдық жағдайыңыз жақсы. Дегенмен алдағы күндеріңізді де жоспарлап жүруіңіз керек. **Сарышаян** Сіз бүгін өзіңізге тапсырылған барлық тапсырмаларды орындап болдыңыз. Енді бүгін ешнарсеге алаңдамастан демалғаныңыз дұрыс. Жақындарыңызбен немесе басшылықпен сөзге келіп қалудан сақтаныңыз. **Мерген** Бүгін сіз сәнгерлердің, дизайнерлердің ақыл-кеңестеріне жүгінесіз. Бұл мамандарға сенім артқаныңызбен, емші-балгерге сенбегеніңіз жөн. Себебі халықтық ем-дом өзгелерге жақсы әсер еткенімен, сізге оң нәтиже бермейді. **Тауешкі** Үй ішіндегі тірлік ешқашан біткен емес. Бүгінгі күніңіз соларды атқарумен-ақ өтеді. Сонымен қатар жақындарыңызға да сіздің көмегіңіз қажет. Сондықтан мықты болуға тырысыңыз. **Суқұйғыш** Бүгін сіз ғашық боласыз. Осы сәттен бастап өмірге деген көзқарасыңыз өзгереді. Мақсатыңыз айқындалып, өміріңізді жаңа бағытқа бұрасыз. Ішкі сезіміңізді жасырмаңыз, мұны тағдырдың сыйы деп біліңіз.   **Балықтар** Көптеген ұсақ-түйек тірліктер мен бітпей қалған шаруалар бүгін сіздің дұрыс шешім қабылдауыңызға кедергісін келтіреді. Бұл тығырықтан шығуға әріптесіңіз немесе серіктесіңіз көмектеседі.