Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 18 қазанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Жұмысқа қатысты ұсыныстарды талқылауға және келіссөздер жүргізуге қолайлы күн. Мықты жұмыс берушіден ұсыныс түседі. Жұмысқа қатысты мәселенің барлығын оңай, әрі тез шеше аласыз.

Торпақ

Бүгін өзіңізге ұнайтын жұмыспен айналысқаныңыз жөн. Тіпті бүгін жұмыстың барлығын ысырып қойып, жай демалуға да болады. Бірақ жұмыс барысымен жол сапарға шықпағаныңыз жөн.

Егіздер

Тез әрекет етіңіз. Егер еріншектік танытпасаңыз, барлығы ойдағыдай жүзеге асып, күніңіз сәтті өтеді. Жұмыста көп кедергіге кездесуіңіздің бірақ себебі бар: ол әріптестеріңізден көп көмек күтуіңізде болып отыр.

Шаян

Қызықты, әрі, жемісті күн. Өз талантыңызды танытуға, шығармашылығыңызды шыңдауға көп жұмыс жасайсыз. Жаңа бастама көтеріп, қызықты идеяларды ортаға салып, талқылауға кірісесіз.

Арыстан

Бүгін аздаған кедергілерге тап боласыз. Бірақ сіз міндетті түрде оларды жеңіп шығасыз. Бірақ нақты шешім шығару үшін көп жұмсауыңызға тура келеді. Сіздің тапқырлығыңызға таңқалмасқа амал жоқ.

Бикеш

Бүгінгі күн әңгіме-дүкен құрып, түрлі тақырыпта сөз қозғауға қолайлы күн. Қызықты кездесулер болып, ерекше таныстықтар орын алады. Айналаңыздағы адамдармен тез тіл табысып, олардың ойын айтқызбай ұғасыз.

Таразы

Түске дейінгі уақыт сәтті болмақ. Сондықтан ойға алған шаруаларыңызды кейінге қалдырудың қажеті жоқ. Бұл уақыт жеке шаруамен айналысуға да, сондай-ақ көпшілікпен бірге жұмыс жасауға да ыңғайлы сәт.

Сарышаян

Бүгін аздаған қиындықтарға тап боласыз. Бірақ сіз бұл қиындықтардан еш қорықпайсыз. Өмірден жиған тәжірибеңіз қиын жағдайдан шығуға көмектеседі. Бүгін өзіңіздің ғана емес, сондай-ақ өзгелердің де мәселесін шешуге тырысасыз.

Мерген

Жұмысыңыз алға басып, ісіңіздің барлығы сәтті болады. Сонымен қатар бүгін пайдалы таныстықтар орын алып, болашағы зор ұсыныстар түсуі мүмкін. Түске дейінгі уақытыңыз сәтті өтеді.

Тауешкі

Бүгінгі күн жақындарыңызбен ара қатынасты жақсартуға қолайлы күн. Сіз өткен күндердегі өкінішті, өкпе-назды кешіріп, жақыныңыздың сізге ішкі сырын ақтаруына мүмкіндік бересіз.

Суқұйғыш

Дәл қазіргі сәт қиялға беріліп, орындалмас арманға қол созуға болмайды. Нақты жұмысқа ден қойып, тапсырмаларды орындауға тырысыңыз. Аздаған жетістікке жету сізді зор қуанышқа бөлейтін болады.

Балықтар

Жетістікке жетудің жолын көздесеңіз, сол үшін аянбай еңбек етіңіз. Мақсатқа жету жолында нақты шешім қабылдай біліңіз. Ол үшін кейбір шаруаларды кейінге қалдыруға тура келеді.

Тағы да оқыңыз: