Жұлдыздар не дейді? – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Жұлдыздар не дейді?

01.08.2020, 8:00

966 1

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 1 тамызға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Бүгін ерекше күн. Көңіл-күйіңіз көтеріңкі болады. Мақсаттарыңызға бір табан жақындайсыз.

Торпақ

Жұмыста абыройыңыз артады. Әріптестеріңіз сізді мақтан тұтып, бір марқайып қаласыз. Қуана біліңіз.

Егіздер

Сәтті күн. Жолыңыз болып, іздеген затыңызды демде табасыз. Бұл сізді ғана емес, айналаңыздағы жандардың бәрін қуантады.

Шаян

Шаршамаңыз. Алда әлі талай жұмыс күтіп тұр. Жоспарыңыз да көп. Тек олардың барлығын орындауға уақыт тапшы.

Арыстан

Өте қуаныштысыз. Армандардың орындалатынына шын сене бастағандайсыз. Өзгелерге көмек беруге де әзірсіз.

Бикеш

Жұмыс та, жоспар да көп. Олардың орындалуы тек өз қолыңызда. Жалқаулық танытпаңыз, орныңыздан тұрыңыз.

Таразы

Күніңіздің сәтті өтуі өз қолыңызда. Жайбарақаттық танытсаңыз, барлық ісіңіз асықпай бітеді. Сізге шалт қимылдау қажет.

Сарышаян

Ашулысыз. Өзіңізге ашуланбағанда, өзгеге ренжудің қажеті жоқ. Өз өміріңіз өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз.

Мерген

Бүгінгі күнді өз отбасыңыздың жанында өткізіңіз. Жақындарыңызбен әңгімелесіп, олардың арман-мақсаттары жайлы біліңіз.

Тауешкі

Қызық күн. Бір істі бітіргіңіз келеді, алайда шаршағаныңызды басып демалғаныңыз жөн. Денсаулығыңызды күтіңіз.

Суқұйғыш

Көптен көріспеген жандармен кездесіп, бір жадырап қаласыз. Жақындарыңыздың жаныңыздан табылуы сізге дем береді.

Балықтар

Көпшіліктің әңгімесі тек сіз туралы болады. Ешкімге сыр ашпаңыз. Сондай-ақ өзгенің де сырын жарияламаңыз.

1

Пікір қалдыру