Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 6 шілдеге арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Қуанышты күн. Жағымды жаңалық естіп, көңіліңіз көтеріліп қалады. Сізді жолыңыздан тайдыратын қарым-қатынастардан бойды аулақ ұстаңыз сонымен қатар тығырыққа тірейтін жандарға да жоламаңыз. Тек жақындарыңыздың жанынан табылыңыз.

Торпақ

Жемісті күн. Күш-қуатыңыздың тасығаны соншалық жұмысқа деген құлшынысыңыз артады. Бүгін жаңа жұмыс бастауға, келіссөздер жүргізуге қолайлы күн. Сіздер бүгін барлық жағынан оң шешім шығара аласыздар. Өзіңізге сеніңіз.

Егіздер

Бұл белгідегі ер адамдар бүгін жанжал тудырмағаны дұрыс. Барлығына сабырлылық танытыңыз. Сондай-ақ бүгін зат сатып алмаңыз. Ал нәзікжандар бірбеткейлік танытпаңыздар. Нәзік қалпыңызды сақтаңыз.

Шаян

Қарама-қайшылыққа толы күн. Сыртыңыз күліп тұрғанымен, жан-дүниеңіз алай-дүлей. Осының салдарынан қателіктерге бой алдырмас үшін бүгінгі күнді жалғыз өткізгеніңіз жөн. Барлығын ой елегінен өткізіңіз.

Арыстан

Достарыңызбен, серіктестеріңізбен ашық әңгімелесуге, жеке бастың мәселесін шешуге ыңғайлы күн. Егер бүгін шаңырақ көтерер болсаңыз, отбасылық өмірде жолыңыз болады.

Бикеш

Бүгін өте сақ болыңыз. Отбасындағы жандармен қарым-қатынаста сабырлылық танытып, әрқайсысына ерекше көңіл бөлуіңіз қажет. Күйгелектік танытпаңыз. Әйтпесе, денсаулығыңызға зиян келтіресіз.  

Таразы

Сауда-саттықта жолыңыз болады. Дегенмен барлығына мұқият болғаныңыз жөн. Ақша мен затқа тиянақты болыңыз. Кешке қарай денсаулығыңызға күш түсірмеңіз және отырыстардан бас тартқаныңыз жөн.

Сарышаян

Жұлдыздар отбасына көп көңіл бөлу қажет екендігін айтады. Әсіресе, балаларға көп назар аударыңыз. Үй шаруасындағы кейбір мәселелерді өзіңіз шешіңіз. Сонымен қатар бүгіннен бастап медициналық тексеруден өтуді бастаңыз.

Мерген

Әріптестермен ашық пікірлесіңіз.  Ауыр жұмыстардан өзіңізді аулақ ұстаңыз. Жақын адамдарыңызға қатысты жағымды жаңалық естейсіз. Сонымен қатар бүгінгі күн көңіл көтеруге, саяхаттауға қолайлы күн. Өтініш айтқандарға көмектесуге тырысыңыз.

Тауешкі

Жеке өміріңіз бірқалыпты. Тыныштық орнап, тек өз-өзіңізбен боласыз. Ішкі және сыртқы әлеміңіз бір-бірімен байланыс орнатып, жаныңыз жайлылық та болады. Өз-өзіңізге сенімділігіңіз артады.

Суқұйғыш

Қиналып тұрсаңыз, сіз ойламаған тұстан көмек келеді. Сол уақытта қиналған сәтіңізді естен шығармаңыз. Тек әлдекімдерге алданып қалудан сақтаныңыз. Сіздің қиындыққа тап болғаныңызды естіп, одан әрі орға жыққысы келетіндер бар.

Балықтар

Серіктестермен ашық әңгімелесуге, жеке мәселелерді шешуге қолайлы күн. Сүйікті ісіңізге немқұрайлы қарамаңыз. Жұмысты бар ынтаңызбен атқарыңыз. Жеке өміріңізде айтарлықтай оқиға орын алады.

Тағы да оқыңыз: