Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қызылорда облысында жыл басынан бері «Басшылар байланыста» жобасы жүзеге асырылуда.

23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне орай «Aray City Mall» сауда – ойын-сауық орталығында «Басшылар байланыста» жобасының кезекті шарасы өтті.

Шара барысында әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй, коммуналдық, жер, сәулет, құрылыс, кәсіпкерлік, білім, денсаулық, кірістер, көлік құралдарын тіркеу және көші-қон мәселелері бойынша мекеме басшылары азаматтарды қабылдап, мемлекеттік қызметтерді алу жолдары түсіндірді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті және облыс әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған аталмыш шара тұрғындардың қызығушылығын тудырды. 100-ге жуық тұрғынға мемлекеттік органбасшыларымен консультациялық көмек көрсетілді.

«Жыл басынан бері облыстағы қызмет беруші мекемелермен 2 млн. 132 мың мемлекеттік қызмет көрсетілген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге артқан. Электрондық қызметтердің үлесі 20% артып отыр», – деді департамент басшысы Рафхат Бисенов.

Тағы да оқыңыз: