ЖСН арқылы өз сайлау учаскеңізді анықтаңыз – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

ЖСН арқылы өз сайлау учаскеңізді анықтаңыз

18.11.2020, 15:20

1070 2

Kyzylorda-news.kz. 2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және Мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді.

Қызылорда облысының әкімдігі сайлаушылар тізімінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында Saylau.orda.gov.kz сайтын іске қосты.

​Saylau.orda.gov.kz сайтында өзіңіздің жеке сәйкестендіру нөміріңізді (ЖСН) енгізе отырып, «Өзіңді табу» батырмасымен қай сайлау учаскесінен дауыс беретініңізді, сондай-ақ сол сайлау учаскесінің қай мекен-жайда орналасқанын (Google картадан) көре аласыз.

​Сонымен қатар, «Smart Qyzylorda» мобильдік қосымшасындағы «Сайлау учаскесі» категориясынан өзіңізді сайлаушылар тізімінен тексере аласыз.
​Егер Сіз өзіңізді сайлаушылар тізімінен таппасаңыз немесе тіркелген мекен жайыңыз көрсетілген сайлау учаскесінің шекарасында болмаса, сайтта өтінім қалдыра аласыз немесе тұрғылықты мекен-жай бойынша сайтта көрсетілген нөмірлерге, сондай-ақ 400-200, 109 (қоңырау шалу тегін) Call-орталықтарына хабарласа аласыз.

2

Пікір қалдыру