Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Толыбеков – М.Әуезов көшелері қиылысында жаяу жүргіншілер өткелінен  келе жатқан жасөспірімді белгісіз автокөлік қағып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Облыстық балалар ауруханасынан «102» арнасына жол көлік оқиғасы салдарынан дене жарақатымен жасөспірім түсті деген хабарлама түскен.

Орын алған ЖКО бойынша жедел түрде іздестіру  шаралары  басталып,  оқиға орнынан сұрастыру жұмыстары жүргізілді.

«Кешенді іздестіру шараларының нәтижесінде кезекші тәулікте күдікті автокөлік анықталды. Көлік тізгіндеген 32 жастағы қала тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен және 611-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Жаяу жүргіншінің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Түпкілікті шешім қабылдау үшін жинақталған құжаттар сотқа жіберіледі», – делінген полиция департаментінің таратқан хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: