Жолда қалып қойған қызылордалық тәртіп сақшыларына алғысын білдірді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Жолда қалып қойған қызылордалық тәртіп сақшыларына алғысын білдірді

24.11.2020, 10:40

241 0

Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда қаласының тұрғыны әлеуметтік желілер арқылы патрульдік полиция ротасының қызметкерлеріне жолда көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

22 қарашада «Шымкент-Самара» тас жолының Бәйкегум елді мекені тұсында оның автокөлігінің дөңгелегі жарылып жолда қалып қойған. Жол бойында бірнеше сағат ішінде өтіп жатқан көліктердің ешқайсысы тоқтамаған. Сол аймақта жүрген Қызылорда облысы ПД патрульдік полиция ротасының инспекторлары полиция аға лейтенанты Нұрлан Әміре мен полиция аға лейтенанты Жаппарбек Нұрқожа жол жиегінде «Лада Приора» маркалы автокөлігінің  бұзылып тұрғанын байқап, тоқтаған.

Полицейлер автокөлікті итеріп, көлікті жүргізіп беріп, жүргізушіге көмек көрсеткен. Кейін ол жолын жалғастырды.

Патрульдік полиция қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет атқарып, қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге әрдайым қажетті көмек көрсетуге дайын.

Ауа-райының тұрақсыздығына байланысты Қызылорда облысының Полиция департаменті жүргізушілерге өте мұқият болуды ескертеді.           

0

Пікір қалдыру