Kyzylorda-news.kz. Нұр-сұлтан қаласынан Жетісайға шыққан 30-ға жуық жолаушысы бар автобус «Жезқазған-Қызылорда» трассасында бұзылып, жолда қалып қойғаны жөнінде «112- құтқару қызметіне» қоңырау түсті.

Аталған шақырту бойынша Өрт сөндіру қызметінен құтқарушылар арнайы ПАЗ автобусымен оқиға орнына жетті.

Белгілі болғандай, автобустағы 11 жолаушының 4-і бала. Араларында Өзбекстан азаматтары да бар. Қалғаны жолай көліктерге мініп кеткені анықталды.

Төтеншеліктер жолаушыларға ас-су беріп, дене қызуын, қан қысымдарын өлшеп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Мұнан соң арнайы көлікпен Қызылорда қаласына жеткізіп, автовокзалдан әрі қарай жолаушылар автобусына мінгізіп жіберді. Жолаушылар құтқарушыларға ризашылықтарын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Тағы да оқыңыз: