Жолаушылар билетінің ақшасы толық көлемде қайтарылады – Kyzylorda News
Басты бет

Жолаушылар билетінің ақшасы толық көлемде қайтарылады

18.03.2020, 12:30

502 0

Kyzylorda-news.kz. Төтенше жағдай жариялануына байланысты «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы жолаушылар билетінің ақшасын толық көлемде қайтару туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Жолаушылар тасымалы» АҚ Маркетинг және сату департаментінің директоры Алмас Айтбаев мәлімдеді. 

«Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты бүгін кассаларда билет құнын қайтару бойынша жүктеме айрықша жоғары болды. Қайтарылған билеттердің ақшасы төлық көлемде, ешқандай айыппұл ұсталмай беріледі. Барлық касса тәулік бойы күшейтілген режімде жұмыс істеуде», – дейді Алмас Айтбаев.

Оның айтуынша, қоғамдық орында адамдар көп жиналып қалмас үшін жолаушылар түсіністік танытып, билет ақшасын қайтарып алуға кейінірек – 6 ай ішінде келуіне болады.

«Кезекте тұрған адамдар өте көп болғандықтан, кейбір кассаларда ғана қажетті көлемде қолма қол ақша тапшылығы болды. Ал жалпы алғанда кассалар қаражатпен толық қамтамасыз етілген. Коронавирустың таралу қаупін азайту мақсатында қайтарылған билеттің ақшасын алты ай көлемі ішінде өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта келіп алуды ұсынамыз», – дейді ол.