Kyzylorda-news.kz. Елімізде 100 жаңа ІТ-компания құрылып, 10 мыңнан астам білікті маман дайындалады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

“Экономиканы сапалы цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жалғасады. 2021 жылы талшықты-оптика 2 мыңнан астам ауылда пайда болады. Жер учаскесін беру процесі түбегейлі өзгереді. Жер учаскесін онлайн рәсімдеуге болады”, – деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы смартфон арқылы қолжетімді болады. 100 пайыз проактивті әлеуметтік төлемге көшу де жоспарланып отыр. 100 жаңа ІТ-компания құрылып, 10 мыңнан астам білікті маман дайындалады.

“Мәліметтерді өңдеу және сақтау саласындағы инвестиция өсімі 72 млрд теңгені құрайтын болады. Инновациялық жобалар 6 млрд теңгеге гранттық қаржыландыру алады”, – деді премьер-министр.

Тағы да оқыңыз: