Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі тағайындалды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі тағайындалды

20.01.2021, 10:40

421 0

Kyzylorda-news.kz. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасы Алик Шпекбаевтың бұйрығымен Төраға кеңесшісінің лауазымына Жазира Жақсылыққызы Жылқышиева тағайындалды.

Жазира Жақсылыққызы бұған дейін Агенттіктің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Жазира Жылқышиеваның мемлекеттік басқару органдарында тәжірибесі мол. Ол Қызылорда облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, ішкі саясат басқармаларында, Қызылорда облысы және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменттерінің басшысы лауазымдарын атқарды.

«Құрмет» орденімен, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін», «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» ведомстволық және бірнеше мерейтойлық медальдармен марапатталған.

0

Пікір қалдыру