Kyzylorda-news.kz. Сыбалас жемқорлық қылмысын жасағандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасы қолданылмайды. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасы қолданылмайды. Жемқорлықпен ұсталғандардың мемлекеттік қызметте және квазмемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойына тыйым салатын қағида қатаң сақталуы керек. Біз сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған адамдарды заң жүзінде қорғайтын жүйе қалыптастыруымыз қажет» деді Мемлекет басшысы.

Тағы да оқыңыз: