Бар болғаны сізге 1 шай қасық желатин, жарты банан және қатты қайнамаған (бұрқ етіп бір рет қайнаған немесе қайнауға жақын) ыстық су қажет.

Әйелдің әдемі әрі жас қалпын сақтау үшін түрлі әрекеттерге барып, «құрбандық» жасаудан тайынбайтынын жақсы білесіздер. Қазіргі күнде медициналық технологияның да қарыштап дамуына қарай, ботокс немесе гиалурон қышқылынан екпе жасату да қарқынды белең алып келе жатыр. Алайда, әдемілік үшін оның пайдасымен қоса, оның зиянды тұстарын да ешкім жоққа шығара алмайды.

Сондықтан, денсаулыққа ешқандай залал келтірмейтін, сұлулықты арттыра түсетін, терінің қартаю белгілерімен, шаршаңқы жүзбен және беттегі пигментті дақтармен күресетін қартаюға қарсы тамаша масканың рецепті бар. Маска құрамы мен жасалу жолдарын үйреніп алсаңыз, сізден сұлу әйел болмасы анық.

Бұл масканы дайындау үшін көп нәрсе қажет емес. Бұл заттар кез-келген үйден табылады немесе азық-түлік дүкенінің сөресінде самсап тұр. Сізге қолжетімді әрі тиімді осы масканы жасап көруді ұсынамын.

Сонымен, бұл маска үшін:

1 шай қасық желатин, жарты банан және қатты қайнамаған (бұрқ етіп бір рет қайнаған немесе қайнауға жақын) ыстық су қажет.

Желатинді 1:3 пропорциясында сумен араластырыңыз, мұқият шайқаңыз. Бананның жартысын жақсылап быламық тәрізді болғанша езіп, желатинді массамен араластырыңыз. Массаны біркелкі ету үшін қайтадан шайқаңыз. Таза бет терісіне жағып, 20 минутқа қалдырыңыз. Көз бен ерін айналасына тигізбеуге тырысыңыз. 20 минут өткеннен соң, құбыр суымен жуып тастауыңызға болады. Бұл масканы аптасына 1-2 рет қолдансаңыз, нәтижесі сізді көп күттірмейді.

Желатиннің тағы бір пайдасы Желатиннің құрамы коллагеннің құрамына ұқсас. Сондықтан, ол коллагеннің орнын баса алады. Егер теріде коллаген жоғала бастаса (әйелдің жасының ұлғаюына байланысты), онда тері де босаңсып, жұқара бастайды. Осының әсерінен бетке әжім түсуге бейім болады.

Желатин ылғалды ұстап тұруға көмектеседі, сондықтан тері қатты және сыртқы факторлардың әсеріне төтеп бере алатын болады. Сезімталдығы азайып, күннің тікелей сәулесіне, желге және суыққа төзімділігі артады. Желатиннің құрамындағы пайдалы заттар бетті ағартады және ондағы қан айналымын жақсартады.

Желатиннің құрамындағы В дәрумені теріні қабыршақтанудан сақтайды. Сондықтан косметологтар бананмен себілген соң, бет терісін сүртіп сүрту ұсынылады.

С дәрумені жасартады және өлі клеткалардан арылтып, теріні жаңартады, ал Е тобының дәрумендері терінің тегіс және жібектей жұмсақ, балғын болуына ықпал етеді.

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз: