Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 8 қараша күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы Мурманск аймағынан жылжып келетін циклонға байланысты болады.

Соның әсерінен жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) жауады, оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі.

Республиканың кей жерлерінде жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстікте жаяу бұрқасын көтеріледі.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысы антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.

Тағы да оқыңыз: