Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданының жұмыссыз жастары, демалыстағы студенттер мен жоғары сынып оқушылары маусымдық жұмыспен айналысып, мемлекеттік қолдауға ие болуда.

Жасыл елдің алғашқы легі мамыр айының соңынан басталып, қазіргі уақытта 100-ден астам жас қатысып, тынымсыз еңбектенуде. Қазіргі уақытта кент орталығындағы көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізілуде.

Осылайша, аудан жастары жазғы демалыс уақыттарын тиімді жұмсап, табыс тауып, әрі рухани кемелденіп сауапты істерде бастары бірігуде.

Алдағы шілде, тамыз айларына жұмыс жасауға ниет білдіруші барша жастарды тіркеп, тізімге алуда. Толық ақпарат алу үшін 8 747 887 80 69 телефон нөмеріне хабарласу қажет.

Тағы да оқыңыз: