Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданында Дәуіржан Ысқақов бастаған №6 кен басқармасының еңбек ұжымы 1- мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Жақсылық жасауға асық» атты ерекше балаларды қолдау жәрмеңкесін өткізді.

Мекеме қызметкерлері өздері дайындаған бұйымдарын сатылымға шығарып одан түскен қаражатты арнайы қорға өткізді. Одан бөлек арнайы дайындалған жәшікке қосымша ақша салынды.

Жәрмеңке жұмысына «ГРЭ-23», «ТТК –Шиелі», «СЦ-КАМ лабораториясы» мекемелері де белсене қатысты.

Қорға жиналған жарты миллион теңгеден аса қаражатқа «Мейірім» облыстық балалар оңалту орталығына әр түрлі емдеу құрылғылары алынады.

«РУ-6» жауапкершілігі шектелген серіктестігінің бас директорының қаржы мен экономика жөніндегі орынбасары Олжас Жұмабайұлының айтуынша, осындай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да өткізіліп тұрады.

Мақсұт Ибрашев

Тағы да оқыңыз: