Жаппай тәртіпсіздік: 819 қылмыстық іс тергеліп жатыр – Kyzylorda News
Басты бет

Жаппай тәртіпсіздік: 819 қылмыстық іс тергеліп жатыр

22.01.2022, 21:20

500 0

Kyzylorda-news.kz. Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Бас прокуратура еліміздегі орын алған лаңкестік әрекеттердің мән-жайларын және себептерін анықтау мақсатында жұмыстарын жалғастырып жатқанын жеткізді.

Оның айтуынша бүгінге жедел тергеу топтарымен 819 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Сонымен қатар терроризм актісімен – 45, жаппай тәртіпсіздікпен—36, 15 адам өлтіру деректері тіркелген.

«Ұрлық, тонау, қаруды жымқыру, билік өкіліне қатысты күш қолдану фактілерімен қылмыстық істер тергелуде.
Бұл істер бойынша 970 күдікті қамауға алынып, олардың ішінде 182-сі соттың санкциясымен күзетпен ұстауға алынған, 29-на қатысты үйқамақта ұстау түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылған.
464 адам терроризм және жаппай тәртіпсіздік істері бойынша ұсталды»,- деді Елдос Қилымжанов.