*Kyzylorda-news.kz. Ұлттық нақышта тігілген киіммен шыққан жеңілатлет Ольга Рыпакованың Токио олимпиадасының ашылуында ту ұстап шығуы жапон жұртын қайран қалдырды, деп хабарлайды exk.kz.*

Жапониялық Nikkansports.com ақпараттық сайтының жазуынша, жапондар Ольганы түрлі әлеуметтік желілерде “Ойын Ханшайымы” деп атап, оның үстіне киген киімінің жарасымдылығын, керемет сән үлгісі екендігін таласа талқылап жатыр. Ольганы ханшайымға теңеуге олимпиаданың ашылу салтанаты кезінде компьютерлік ойындардың музыкасы ойналуының да әсері бар.

“Біздің олимпиадалық киім үлгіміз өте сәтті шыққан. Заманауи әрі дәстүрлік сипатқа бай. Бұл — жоғары сән үлгісінің ғажайып туындысы іспетті. Тігінші ісмерлерге шексіз алғысымды білдіремін”, – дейді Ольга Рыпакова.

Еске сала кетсек, қазақстандық спортшылардың олимпиадалық киім үлгісіндегі ұлттық нақыш пен ою-өрнек мәнері Әбілхан Қастеев атындағы Қазақ мемлекеттік өнер мұражайы мамандарының кеңесімен жасалған.

Тағы да оқыңыз: