Жаңақорғанда жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты – Kyzylorda News
Басты бет

Жаңақорғанда жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты

02.08.2021, 10:40

593 0

Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданында жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан көлік ішіндегі азамат жарақат алды. Құтқарушылар көліктегі аяғы қысылып қалған адамды шығарып алды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Оқыс оқиға 1 тамыз күні сағат 11.20 шамасында Жаңақорған кенті тұсындағы дариядан өтетін көпір үстінде болған. Көпірде «КаМАЗ» жүк көлігі мен «Toyota Carina» жеңіл көлігі соқтысып қалды.

«Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетті. Соқтығыс кезінде жеңіл көлік жүргізушісінің аяғы қысылып қалған. Құтқарушылар тиісті құрылғымен оны шығарды. Көлік жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем қызметіне табысталды», – дейді Әлия Ережепова.

0

Пікір қалдыру