Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданы Сунақ ата ауылында жайылымнан 2 бас сиыр ұрлаған  күдіктіні полиция қызметкерлері ізін суытпай құрықтады.  

«Күдікті 26 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты. Ол өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабының 1-бөлігі (мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Айғақ заттар алынды», – делінген Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: