Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданына қарасты Қожакент елді мекенінде газ баллоны жарылып, 2 адамды күйік шалды.

Оқыс оқиға 1 маусым күні сағат 20:30 шамасында болған. Үй алдындағы шағын баспананың кіреберісінде 27 литрлік газ баллоны жарылды.

Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің мәліметінше, оқыс оқиғадан 55 жастағы әйел адамның денесінің 80 процентін, 6 жасар қыз баланың денесінің 50 процентін күйік шалған. Олар Жаңақорған аудандық ауруханасына жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Тағы да оқыңыз: