Жаңақорғанда есептегі 65 тұрғынға тегін дәрі-дәрмек таратылды – Kyzylorda News
Басты бет

Жаңақорғанда есептегі 65 тұрғынға тегін дәрі-дәрмек таратылды

26.10.2021, 11:20

404 0

Kyzylorda-news.kz.  Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі пробация есебінде тұратын әлеуметтік көмекке мұқтаж 65 жазасын өтеушіге дәрі-дәрмек қобдишасын таратты. Қорабта бетперде және антисептик құралдары, ыстықты түсіретін, аурумен күресетін және иммунитетті көтеретін дәрілер де бар.

Аудандық пробация қызметінің  инспекторы  Әсет Мұратбаевтың айтуынша  әлеуметтік көмек бірінші кезекте тұрмыс жағдайы төмен, әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтарға беріледі. Жыл басынан пробация есебінде тұратын 76 жазасын өтеушінің   65-і  тегін медициналық көмек  алған. Бұған дейін де аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі есептегі бес азаматқа азық- түлік себеттерін таратқан болатын.

Көмек алған азаматтар пробация қызметі мен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мамандарына  алғысын айтты.

0

Пікір қалдыру