Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған ауданында екі отбасыға баспана кілті табысталды.

Қазақта «Қос тойың қабат келсін» демекші, бүгін Жаңақорған төрінде үлкен қуаныш. Жылдағы дәстүрінен жаңылмаған «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қорының еріктілері биыл бір емес, екі баспанаға шын мұқтаж шаңырақты шаттыққа бөледі.

Қасиетті Ораза айттың соңғы күніне сәйкес келген жаңа баспаналардың кілтін табыстау рәсіміне аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов арнайы қатысты. Мерейлі сәтте құттықтау сөзін сөйлеп, ақжарма лебізін білдірді. Ауданның бас имамы Әбдіхалық қажы Махмұтұлы елдің атынан ерікті жастарға алғысын айтты.

Қос үйдің бірі «МАИ бекеті» аумағында болса, екінші баспана орталық стадион маңында орналасқан. Осындай сауапты істерге мұрындық болып, қолынан келгенше қазағына қамқор бола білген жастарға жаңақорғандықтар риза.

Тағы да оқыңыз: