Kyzylorda-news.kz. Қызылорда пробация қызметінде есепте тұрған соттталғандарға жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жоспарға сәйкес,  жүйелі түрде, әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетіліп келеді.

Жаңақорған ауданындағы «Халықты жұмыспен қамту» орталығында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімі, аудандағы жұмыссыз жастарға, пробация есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, әлеуметтік бейімделуі мен оңалуын ұйымдастырып, жұмыспен қамту үшін «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізді.

Жәрмеңкеге пробация қызметінің  есебінде тұрған 7  азамат жұмыс іздеуші ретінде қатысты. Жұмыс беруші мекемелерден 185 бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеде құрылыс мамандықтарына сұраныстар болды.

Нәтижесінде, пробация қызметінің есебінде тұрған 2 азамат  «Газремонтаж» ЖШС-не, бір  азамат квотамен «Азнабай» шаруа қожалығына  жолдама алды.

Тағы да оқыңыз: